Түркі мәдениетінде тобылғыны культтік өсімдік деп санайды. Бұл – бүкіл түркілер, оның ішінде қазақтар да қастерлейтін, көптеген халық дәстүрінде айтылатын киелі бұталардың бірі. Тобылғы бір әлемнен екінші әлемге өтуді жеңілдететін әлемдер арасындағы делдал болды деп есептелді, сондықтан оның шыбығы марқұмның қолына салынды. Мысалы, чуваштар «… марқұмның сол қолына тобылғының шыбығын қояды, ал егер жоқ болса, онда итмұрын, ал егер ол болмаса, олар жусанның сабағын қояды». Бірақ тобылғы ең қолайлы, өйткені ол берік ағаш сияқты зұлым рухтарды қуудың ең сенімді құралы болып табылады. Осы мақсатта марқұмға бір бұтағы беріледі. «Сондықтан әрбір чуваш әрқашан үйінде тобылғының болуына тырысады» [6, 233-234 б.].
Қазақша атауы «тобылғы». Халық оған зұлым рухтардан қорғайтын сиқырлы қасиеттерді жатқызған, бұл қамшы сабының тобылғыдан жасалғандығымен расталады, ал қамшы қазақ бақсы ғұрпының міндетті атрибуттарының бірі болып табылады.
Көктемде, алғашқы қымыз мерекесін өткізу кезінде сусынды ашытуға арналған арнайы ыдыс-аяқ –күбіні тобылғымен ыстаған. Жанған кезде тобылғы жағымды қою хош иіс береді. Жұрт тобылғының түтіні қымызға ерекше дәм береді деп есептейді. Бәлкім, бұл практикалық іс-әрекетте тобылғыны пайдалану ағаш рухының күшін жасалып жатқан сусынға беру туралы наным-сенімдердің таңбасын алып жүруі мүмкін.